Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті халықаралық іздеуде жүрген

Фото: gov.kz

Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Бөгет" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

"Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ. Экстрадициялау мәселесі шешілуде", – делінген полиция хабарламасында.