Су тасқынынан  жеті адам қаза тапты – ҚР ІІМ

Qaz365.kz редакциясы

Бұл соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны

Фото: ашық дереккөзден

Су тасқынынан  жеті адам қаза тапты - ҚР ІІМ

Сенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев су тасқыны кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен адамдарға қатысты қылмыстық істер қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Су тасқыны кезінде Абай облысында екі адам жоғалып кетті. Одан кейін Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Бұл фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды және тергеу тиісті процессуалдық шараларды атқарып жатыр. Оның нәтижелері мұның қалай болғанын, себептерін, оған ықпал ететін жағдайларды және осы оқиғаларға кімнің кінәлі екенін анықтауға мүмкіндік береді», - деді Марат Қожаев.

Бұл тұрғыда ол аталған мәселе бойынша қозғалған қылмыстық істердің санын айтты.

«Ведомство із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір мұндай сипаттағы жеті қылмыстық іс бар. Олардың барлығына қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді министрдің орынбасары.

Қазақстанда болған су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны деп аталды.