Путиннің делегациясы Салтанат көз жұмған күні Bau-ға келмек болған

Qaz365.kz редакциясы

Байжанов 9 қарашада әкімші Қарлығашқа "бүгінгі банкеттерден бас тарту керек" деп жазған

Фото: ASTAPOV ALEXANDR

Путиннің делегациясы Салтанат көз жұмған күні Bau-ға келмек болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Байжанов 9 қарашада әкімші Қарлығашқа "бүгінгі банкеттерден бас тарту керек" деп жазған. Оған жауап жазған Қарлығаш аудиомен "мен қалай бас тартамын? Бұл Путиннің делегациясы болады" деп жазған.

Байжанов тергеу кезінде жауап алу барысында 9 қарашада Астанаға Ресей президенті Астанада болғанын және оның делегациясы осы күні "Bau" мейрамханасында VIP-кабинаны брондағанын айтып жауап берген.

Адвокат Жанна Оразбақова Ресей президентінің делегациясы болатынын біле отырып, сотталушылар Салтанаттың денесін мейрамханадан шығара алмаған деп есептейді. Алайда судья бұл тек адвокаттың тұжырымы деп ескертті.