Діни-экстремистік ұйымның басшылары ұсталды – ҰҚК

Qaz365.kz редакциясы

4 азамат ұсталды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымды құрып, қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.