«Террористік акт жасамақ болған»: Атырауда 9 сынып оқушысы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

Полицияның мәліметінше, жасөспірім анонимді telegram арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акт жасалатыны туралы хабарлама жариялаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның басқа да осындай telegram арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.

Жасөспірімнің облыс мектептерінің бірінде тоғызыншы сыныпта оқитыны белгілі болды. Қазір терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.