Жантүршігерлік қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады
Алматыда 13 жастағы жасөспірім қызды зорлады деген күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жантүршігерлік қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Kozachkov offsidde телеграм-арнасының жазуынша, 20 сәуірде ер адам қызды қаладағы көп қабатты үйдің паркингінде зорлаған.
«Тараған ақпаратқа сүйенсек, қылмыс 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала болжам бойынша, күдікті пәтерлердің бірін жөндеуге келген жұмысшы. Ал, қыз баланы ол үйдің паркингінде зорлаған. Қазір тұрғындар күдіктіні өз күштерімен іздеп жатыр», - делінген хабарламада.
Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталып жатыр», - деп хабарлады полицияда.