Алматыда лаундж-бардың 21 жастағы қызметкері жұмыс орнында ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Алматыда ҰҚҚБ арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын таратудың жолын кесті.

Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан лаундж-бардың 21 жастағы қызметкері (кальяншы) ұсталды.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.