Алматыдағы автобус апаты: Сотта автобус жүргізушісі кінәсін мойындамайтынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл іске қатысы бар Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етті

Скриншот / ашық дереккөз

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы болды, деп хабарлайды Алматыдағы Qaz365.kz.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол жолаушылар жол ақысын төлей алмай жатқан жағдайларда көмек ретінде телефонын алып, көмектесетін.

«Сот барысында жәбірленуші Құсайынова мені кінәлі көрсеткісі келді. Мені «неге телефонды алдың» деп тергей берді. Бірақ бұл жерде менің кінәм жоқ қой. Телефонды алып, смс көрсетсем - мен көп адамға солай жасаймын. Біздің қалаға келетін адамдар көп, олардың көбісі жолақасын төлеудің бұл жолын біле бермейді. Сол себептен мен көрсетіп беремін. Адвокатта маған осы сұрақты қоя береді. Маған жолаушылардың көпшілігі жол сұрап, көмекке жүгінеді», – дейді жүргізуші Шөкебаева.

Сондақ-ақ ол бұл іске қатысы бар Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етті.

«Ол ұрмағанда мен есімнен танбас едім. Бұндай жағдай орын алмас еді. Сол себептен Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етемін», – дейді автобус жүргізушісі.

Еске салайық, Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Салдарынан 3 адам мерт болды. Кейіннен оқиға болған сәтте жүргізушіні жолаушы ұрып талдырып тасталғаны айтылды.