Қамауға алу кезінде ол есірткіге мас күйінде болған
23 сәуір күні полиция Алматы әуежайынан Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып, сақтаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қамауға алу кезінде ол есірткіге мас күйінде болған. Ұшқыш мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшпақ болған.
Ұшқыштың тұрғылықты жерінен пластик құбыр тәркіленіп, одан ұнтақты шөгінділер табылған. Ол 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.
AirAstana әуе компаниясы жағдайды растады.
«23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді. Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды», - делінген Air Astana баспасөз қызметінің хабарламасында.