Қымбат Досжан Жәнібекті сатып жіберген әйел туралы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс тергеліп жатыр

Фото: Қымбат Досжан парақшасынан

Белгілі журналист Қымбат Досжан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібекке қатысты жаңа мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені қаңтар айында анықталып қойған. Дегенмен қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, оның жеке басына қатысты мәлімет жариялауға болмайды.

«Ол әйелдің кім екенін, қайда тұратынын, жасы нешеде екенін біз қаңтардың басында анықтадық. Жәнібекті асырап алған анасымен хат жазысу арқылы білдік. Қылмыстық істі қозғап жатқан Арқалық полициясы да біледі. Сіздер ойлағандай, 2004 жылы ол перзентханада істемеген. Тіл білетіндіктен, аудармашы боп істеген», - деді Қымбат Досжан.