Облыс прокуроры осы істі жеке бақылауына алды
Ақтөбе қаласында бірнеше тұрғын үйге ақша салған үлескерлердің мәселесі бойынша тергеу шаралары аяқталды. Екі кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы тағы бір фирманың директорымен келісіп, қаланың 12-ші және «Алтын Орда» шағын аудандарында көпқабатты үйлер саламыз деп жарнама жасаған. Сөйтіп үлескерлердің 2,5 миллиард теңгесін иемденіп кеткен.
Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігі (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтады.
«Осы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасы екі күдіктіге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады», - дейді прокурорлар.
Облыс прокуроры осы істі жеке бақылауына алды.