Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бас прокуратурасы қаңтар оқиғаларына қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.
«А. ж. 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін(ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізукодексінің 128-бабы тәртібінде Ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды», – делінген хабарламада.
Өзге деректер жария етуге жатпайды.