Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген
Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды.
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген. Сот-медициналық сараптамадан кейін кеуде тұсынан алған соққыдан күретамыры жарылып кеткені белгілі болды.