Оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді
Павлодар облысында суға батып кеткен кеме капитанын іздеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.
9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмысын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.
Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.