Шымкентте ірі наубайхана өртенді

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Фото: ТЖД

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Азат шағынауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 1 248 шаршы метр аудандағы отты сөндірген. Олар 2 500 шаршы метр ғимараттың толық жанып кетуіне жол бермеді.

Жалын толығымен өшті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.