Сот Астанада мылқау жүргізушіні балағаттаған жолаушыға қатысты шешім шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Видеодан скриншот

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзу жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мылқау такси жүргізушіні балағаттап, ар-намысына тиген жолаушыға жаза қолданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жәбірленуші С. сурдоаудармашының көмегімен К. есімді адам телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан. Сот отырысы барысында К. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді», – делінген Астана сотының хабарламасында.

Ол 15 күнге қамауға алынды. Оның бұған дейін де бірнеше қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.