Астанада 20 жыл іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол үйдің шатырынан табылды

Видеодан скриншоттар

Ресейде алаяқтық жасап, 20 жылдан бері ұстатпай жүрген азамат шатырдың ішінен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

53 жастағы ер адам Астанадағы туыстарының үйіне келіп, шатырына тығылған екен.

«Алматы аудан полиция департаментінің қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады. Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Ол үйдің шатырынан табылды», – деп хабарлады ІІМ-де.

Қазір күдіктіні Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.