Бұрынғы экономика министрі сотталды
Астанада Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа бүгін сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұрынғы экономика министрі 24 жылға сотталды. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қуандық Бишімбаевқа "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.
Бұған дейн 6 мамырда сотталушылар соттағы соңғы сөзін айтқан еді. Экс-министр Қуандық Бишімбаев алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін мәлім еткен болатын.