«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: мешітте намаз оқып тұрғандар төбелесіп қалды

Qaz365.kz редакциясы

Видеоға әркім әртүрлі пікір қалдырып жатыр

Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде мешіттердің бірінде сап түзеп, намаз оқып тұрған жігітті екіншісі ұрып жіберген. Желіде осы видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желі қолданушыларының жазуынша, оқиға оңтүстік аймақтағы мешіттердің бірінде болған. Имам сырттан келгендерге «намаз үстінде «Әмин» дегенді дауыстап айтпайсыңдар!» деп ескерткен-мыс.

Бұл ескертуді елемеген бір мүслім «әмиин» деп дауыстап, сол үшін бір жігіт екіншісін ұрған, делінген тараған ақпаратта.

Видеоға әркім әртүрлі пікір қалдырып жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлі осы оқиға бойынша түсініктеме берген жоқ.