Ол заңгер мен оның күйеуін соққыға жыққан болатын
Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттар отбасын - ерлі-зайыпты Анна Димитриевич пен Олег Черновты соққыға жыққаны үшін үкімін қайта қарады. Бұл туралы жәбірленуші тарап мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сотталушыға екі жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды.
«Үкімді өзгертіп, екі жыл бас бостандығын шектеуді Нұрасыл Болат тағайындаған Жоғарғы Сотқа рахмет. Оған жазаның барлық кезеңіне пробациялық бақылау міндеті жүктелген. Бұл оның шетелге шығуға, клубтар мен барларға баруға, алкоголь ішуге және басқа да қылмыстар жасауға болмайтынына тыйым. Ол пробациялық бақылау қызметіне күн сайын өзі жайлы хабар беріп, сағат 23.00-де үйде болуы керек. Егер ол осы шарттарды бұзса, сот шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстырады», - деп жазды Димитриевич Instagram-да.
Жоғары соттың мәліметінше, апелляциялық саты сот үкімін өзгертіп, Н.Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.
Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті, олар сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
«Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Н.Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсті», – делінген Жоғары сот хабарламасында.
Еске салайық, Нұрасыл Болат 11 ақпан күні заңгер мен оның күйеуін соққыға жыққан болатын.
Сот үкімімен Нұрасыл Болат ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, зардап шеккен екі адамға 500 айлық есептік көрсеткішті төлеуге міндеттелді.
Ол кезде зардап шеккен заңгер Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Чернов депутаттың ұлына тым жеңіл жаза қолданылғанын айтқан.
Айта кетейік, Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткені үшін де жауапқа тартылғаны бар.