Дәулет Тұрлыханов ұлының екі жылға сотталуына қатысты пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысынан кейін депутат пікір білдірді

Фото: ашық дереккөздерден

Жоғарғы сотта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қаралған болатын. Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысынан кейін депутат пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сот шешімі бар. Мен ата-ана ретінде әрдайым балам үшін уайымдаймын», - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, кеше Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертіп, айыппұл түріндегі жазаның күшін жойды. Сөйтіп Нұрасыл Болатқа екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.