Балабақшада бүлдіршіндерді кімдердің тұншықтырғаны анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Скриншоттар

Кеше Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Головацкий ауылындағы Жаскент балабақшасында тәрбиеші балаларды аяусыз ұрған видеосы тараған еді. Осыдан кейін полицейлер жекеменшік балабақшаның бейнекамера жазбаларын зерттеді. Қазір екі тәрбиеші мен екі күтуші тергелуде. Үш баланы ұрып-соғу фактілері расталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тәрбиешінің балаларды ұрғанын олардың ата-аналары анықтаған. Себебі балалары үйге жарақат алып келген. Ата-аналар балабақшадағы бейнекамераларды қарау барысында тәрбиешілердің балаларға қол жұмсағанын көрген. Оны көреген кейбір ата-аналар есінен танып қалған.

Алғаш болып ата-аналардан А.Мұхаметқали 2022 жылы туған қызының соққыға жығылғанын байқаған. Ол 10 мамырда қызының бетінің оң жағында қызару мен саусақ іздерін байқаған. Тәрбиеші балалар ойын барысында төбелесіп қалған деп түсіндіреді.

14 мамырда тағы бір қыздың анасы Г.Шаймерденова да осындайды байқайды. Ол қызының балабақшадан келген соң оң жақ жамбасында қатты қызару және саусақ іздері барын анықтаған. Бірден дереу балабақшаға барып, бейнежазбаны қарайды. Видеодан тәрбиешінің қызына және басқа да балаларды қалай аяусыз ұратынын көрген.

Сосын видеоны «Құлыншақ» деген чатқа жібереді.

2024 жылдың 15 мамыры күні таңертең, яғни 30-ға жуық ата-ана видеоны көру үшін балабақшаға барып, «Құлыншақ» және «Бөбек» топтарының екі тәрибешісі мен екі күтушісінің заңсыз әрекеттерін анықтаған.

Балабақша қызметкерлері жұмыстан босатылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта үш ата-ана балаларының соққыға жығылғаны туралы жазбаша арыз жазған.