«Жүректері жоқ екен»: Ақтөбеде үш бала кірпіні доп қылып теуіп ойнаған – видео

Qaz365.kz редакциясы

Соққылардың қатты болғанынан, жәндіктің тікендері балалардың аяқ киімдеріне жабысып қалған

Видеодан скриншот

Ақтөбеде үш жас бала доптың орнына тірі кірпіні теуіп ойнаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың аяусыз әрекеттері көрсетілген видео әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары балалардың осыншама жауыздығына таңғалды.

«Айтарға сөз жоқ, не деген жауыз ұрпақ», «байқұс жәндік әбден қиналды ғой», «жүректері жоқ балалар екен», – деп жазған желі қолданушылары.

Ақтөбе қаласының полиция департаменті бұл балаларды іздеп жатыр.

«Видеодағы азаматтарды тауып, жазаға тартамыз», - деп жазған Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.