Түркістан облысында жоғалған үш жасар  Асылым дәретханадан табылды

Qaz365.kz редакциясы

Баланы полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары үш тәулік бойы іздеді

Ашық дереккөздерден

Үш күннен бері Түркістан облысының Сарыағаш ауданында үш жасар Асылым Лес жоғалған еді. Бүлдіршін кеше кешкісін көрші үйдің дәретханасынан табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Баланы полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары үш тәулік бойы іздеді.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, Асылымның отбасы белгілі экстрасенстің қызметіне жүгінген.

«Алысқа бармаңдар, сол ауыл шетіндегі су шұңқыр, (подвалды) қараңдар», - депті экстрасенс.

Өкінішке қарай, бұл болжам рас болып шықты. Бүлдіршіннің мәйіті көрші үйдің дәретханасынан табылды.

«Үш күн іздеген Асылымның денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел болып, аман-есен табылуын күтіп едік. Әттең, үміт ақталмады… Сараптама ертең жасалады», - деп жазды журналист.