Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 20 мамыр сағат 10:10 кезінде жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жер сілкінісінің негізгі ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде, Қытай аумағында жатыр.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.9.
MPV Магнитудасы — 5.7.
Жер сілкінісінің бағыты — 40,43° с. б. 77,03° ш. б.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Қазақстан аумағында Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.