Семейдегі сауда орталығының жанында ер адамның денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды

Фото: Абай облыстық ПД

Семей қаласындағы ірі сауда үйлерінің бірінің жанынан ер адамның денесі табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ер адамның денесі Семей қаласының Глинка көшесі 25а мекен-жайында орналасқан сауда үйлерінің бірінің жанынан табылды», – делінген Абай облыстық ПД хабарламасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам есінен танып қалған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.