73 жастағы зейнеткер ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды
Батыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол 48 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрған әйелін ұрып-соғып, қылқындырып, өлтірген.
Батыс Қазақстан облысының Арнайы ауданаралық қылмыстық соты күдіктіні айыпты деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Mgorod.kz жазуынша, сотта айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты.
Ақпарат порталының хабарлауынша, сот қылмыскерді жасын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырған.
Сот шешімі күшіне енді.