Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тілшілердің сұрақтарына жауап берді
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ол (Бишімбаев) сот үкіміне шағым түсіріп жатыр. Сол себептен осы жерде (ред. Астанада) тергеу изоляторында отыр. Әрі қарай белгілі болады», - деді Қожаев Мәжіліс кулуарында.