Алғыс хатта Жоғары Раданың төрағасы Руслан Стефанчуктың қолы қойылған
«HAQ» қайырымдылық қорының жетекшісі, белсенді Тоғжан Қожалы Украинаның Жоғары Радасының алғыс хатына ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстандық белсендіге Украина халқының алдында еңбегі үшін марапат жолдаған. Алғыс хатта Жоғары Раданың төрағасы Руслан Стефанчуктың қолы қойылған.
Айта кетейік, Тоғжан Қожалы – азаматтық қоғамның дамуына белсене атсалысып жүрген белсенділердің бірі. 2022 жылы оның қоры Украинадағы соғыстың құрбаны болған бейбіт тұрғындарға көмек көрсетіп, ТЖ салдарынан зардап шеккен Қостанай мен Екібастұз тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинады.