Астанада сот орындаушысы баланың алиментін жымқырған

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс сотқа жолданды

Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш азамат 1 жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды.

Жәбірленуші алимент берешегін өндіріп алу жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы ЖСО-ға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.

Жеке сот орындаушысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс сотқа жолданды.