Қарағандыда қоқыс жәшіктерін тепкен әкім орынбасарының басы дауға қалды

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіде індетше тараған видеоға шенеунік қоқыс жәшіктерін теуіп, ішіндегі қоқыс шашқан

Қарағандыда қоқыс жәшіктерін тепкен әкім орынбасарының басы дауға қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде індетше тараған видеоға шенеунік қоқыс жәшіктерін теуіп, ішіндегі қоқыс шашқан. 

Қазнетте Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасары Берекет Жайназаровтың өзін бей-берекет ұстаған видеосы тарады. Ол тепкен қоқыс жәшігі ішіндегі қоқысымен бірге сол жерде қалған.

Видеоларда шенеуніктің неге өзін осылай ұстағаны түсіндірілмейді.