Автобуста 37 адам болған
Бүгін сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апатына түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Алдын ала ақпарат бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын «Аласа» асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді», - делінен Алматы облысы әкімдігі таратқан хабарламада.
Алдын-ала мәлімет бойынша жол апаты бойынша қаза тапқандар жоқ.
«Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.