Зардап шеккендер шамамен 5 млн теңге шығынға батқанй
24-26 мамыр аралығында Алматы облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық операциясы орындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық Полиция департаменті КПБ басшысы Руслан Смағұловтың айтуынша, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл АПБ жедел уәкілдерімен бірігіп, Жамбыл және Қарасай аудандарында мал ұрлығымен айналысқан екі барымташыдан тұратын топты қолға түсірді. Қазір олардың мал ұрлығына қатысты бес факт дәлелденді. Зардап шеккендердің жалпы шығыны шамамен 5 млн теңге болды.
Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.