Таймерденовке де тықыр таянды ма

Qaz365.kz редакциясы

Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады

Фото: polisia.kz

Бас прокуратура Қанат Таймерденов ұсталды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алматы қаласының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі телеграм-каналдарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген хабарламада. 

Осыған орай, Бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.