Түркістан облысында суға батқан 17 жастағы баланың денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол тыйым салынған жерде шомылған

Фото: freepik.com

2007 жылы туған баланың денесі Түркістан облысы Төлеби ауданы Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу.

ТЖМ ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді!