Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

Qaz365.kz редакциясы

31 мамыр күні таңертең жер сілкінді

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның оңтүстігінде 31 мамыр күні таңертең жер сілкінді. Магнитудасы 4,4 балл болатын жерасты дүмпулері еліміз бен Қырғызстан шекарасында тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 31 мамырда Астана уақыты бойынша 10 сағат 13 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары - 43.21 75.20.

Жер сілкінісі ошағы ҚР аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 132 км жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы: Жамбыл облысы Қордай кентінде 2 балл жер сілкінісі сезілді.