"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Фото: fk-jetisu.kz

"Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Ақпаратты Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Сот шешімі бойынша, Д.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Ол ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.