Қылмыстық іс қозғалды
Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды хабарлайды Qaz365.kz.
Әлеуметтік желіде қалалық мектептердің бірінде істейтін оқытушы дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деген ақпарат тарады.
Қызылорда облыстық полиция департаменті мұны растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар тағайындалады.
«Күдікті тұтқындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Ал оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оқиға мектеп аумағында емес, басқа жерде болған. Екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққаны айтылады.