Прокуратура оны жауапкершілікке тартты
Жетісу облысында прокурорлары аудан әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жетісу облысының прокуратурасы мәліметінше, Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 137-бабы).
«Прокурорлар 120 гектар жер жекелеген шаруа қожалықтарына конкурссыз берілгенін (ҚР Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзу) анықтаған. Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды», - делінген хабарламада.
Жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарғаны айтылды.