Үкім заңды күшіне енген жоқ
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ вице-президенті сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Антикор мәліметінше, Алматы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.
"Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған "Түркістан қаласы" Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды.
Сот үкімі бойынша, Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылғаны айтылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.