Алматыда автобуста видеоға түсіп қалған қалта ұрысы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Желіде алдыңғы орындықта отырған әйелдің әшекейін шешіп алмақ болған ер адамның видеосы тараған еді

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Алматыда автобустардың бірінде әйелдің мойнындағы әшекейді білдірмей шешіп алмақ болған қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аламаты Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған 1983 жылғы ер адам бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған

«Қазір ол қамауға алынған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде алдыңғы орындықта отырған әйелдің әшекейін шешіп алмақ болған ер адамның видеосы тараған еді. Оны куәігерлер білдірмей видеоға түсіріп алған.