Ақтауда өртеніп жатқан пәтерден үш бала құтқарылды

Qaz365.kz редакциясы

Балалардың үлкендердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды

Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Ақтауда өртеніп жатқан пәтерден үш бала құтқарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, төтенше жағдайлар қызметіне 22-шағын аудан 3-үйдегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама 12 маусым күні сағат 19:05-те түскен.

Құтқарушылар шақырту орнына жеткенде үйдің ас бөлмесінде киім-кешек жанып жатқаны анықтады. Сондай-ақ балалардың үлкендердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды. Пәтердің жалпы ауданы – 40 шаршы метр, жану алаңы – 1 шаршы метр болды.

«Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері 2016, 2020 және 2023 жылы туған 3 баланы құтқарды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтау қалалық балалар ауруханасына 2023 жылы туған бала жеткізілді. Оның денсаулығы тұрақты болған соң үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.