Түркістан облысында ер адам дәріхананы ішіндегі сатушымен бірге өртеп жіберді

Qaz365.kz редакциясы

Полиция тергеу амалдарын жүргізуде

Видеодан скриншоттар

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Түркістан облысы Атакент ауылында болған. Фармацевт клиентке психотроптық дәріні сатпаған, кейін ер адам қайта келіп, дәріхананы өртеп жіберген. Фармацевт зардап шеккен жоқ. 

«Сатқан кінәлі емес, өртеген кінәлі болып шығады», «Сауап болыпты, өздері сатып үйреткен», «Бұрын сатқан болып тұр ғой, әйтпесе дәл осыған келмейді ғой», «Түнгі аптекада күзет болуы керек», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Анықталғандай, ол өрттен күйіп, ауруханада ем алып жатыр. Басқа зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізуде, мән-жайлар анықталып жатыр.