Алматыда көшеде жалаңаш жатқан әйелдің мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: Dina Tansari/t.me

Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға туралы «НеМолчи.кз» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желіде жазды.

«Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды», – делінген жазбада.

Қоғам белсендісі тұрғындардың қорқып жатқанын жеткізді.

«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтыруға келген сияқты», «Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады», «Балалар көріп, қорқып кетті», – деген жұртшылық.

Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда», – делінген полиция хабарламасында.