«Арман Шораев бірге тұратын әйелін ұрды»: Қоғам белсендісі пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Qaz365.kz редакциясы Арман Шораевпен тілдесті

Фото: Forbes.kz

Танымал қоғам белсендісі Арман Шораевқа әйелін ұрып-соқты деген айып тағылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Михаил Козачковтың телеграм-арнасында ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген бейнежазба жарияланды.  Жазба авторлары полиция қызметкерлеріне сілтеме жасап, видеодағы ер адамның Арман Шораев екенін мәлімдеді.

Qaz365.kz редакциясы Арман Шораевпен тілдесіп, мән-жайды анықтады.

Журналист Михаил Козачковтің Telegram арнасында ер адамның белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев екенін айтқан еді.

Шораевтың өзі Facebook желісінде «жасанды интеллекттің құрбаны болғанын» және журналистке қарсы арыз түсіретінін хабарлады.

«Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл арандатушылық және қара пиар», – дейді Арман Шораев.

Алайда, қалалық полиция департаменті аталған ер адамның Арман Шораев екенін нақтылады. 

«Азаматтық некедегі әйеліне денеге зақым келтіру дерегі бойынша азамат А.Ш. қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.