Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр: Тоқаев кінәлілерді жазалауды тапсырды

Qaz365.kz редакциясы

Анасы Жанна Жаналина ұлын соққыға жығылған деп санайды

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли президен  Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», – делінген Уәлидің жазбасында.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы Нұржігіт Әбділпат қазір ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатыр. 

Анасы Жанна Жаналина ұлын соққыға жығылған деп санайды. Дәрігерлердің айтуынша, сарбаздың жағдайы ауыр.

Сарбаздың анасына әскери полиция қызметкері хабарласы ұлының ЖРВИ диагнозымен әскердегі медпунктке түскенін айтқан.