Айыпталушы сотқа келуден жалтарған
Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкер қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
"Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдады", – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, қала прокурорының өтінішімен сот борышкерге іздеу жариялады.
"Жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласында ұсталып, қамаққа алынды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек толық өтеліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.