Қарағандыда журналист іс-түзсіз жоғалып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оның 17 маусымнан бері қайда екені белгісіз

Фото: t.me / vechernaya_karaganda

Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вечерний Караганда телеграмм-арнасының жазуынша, 17 маусымда хабарсыз кеткен Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

Ол бойы – 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен.

«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.