ШҚО-да Айфон 15-ті ұтысқа қойып, есірткі саудалағандар анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды

Фото: polisia.kz

ШҚО-да есірткі жарнамалап жүргендер ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Polisia.kz мәліметінше, . Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 21 және 18 жастағы екі азаматын QR-коды бар брошюраларды жапсырып жүргенде анықтады, онда есірткі құралдарын сатып алу үшін электрондық мекенжайлар көрсетілген.

Жастар хабарландыруды мессенджер арқылы тапқанын, онда әр жапсырылған парақша үшін 300 теңге көлемінде төлем жасауға уәде етілгенін айтып берді. Күдіктілердің тағы 8 хабарландыру болған. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері екі азаматтың осындай басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.