Өскеменде жантүршігерлік жол апаты орын алды

Qaz365.kz редакциясы

КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы

Фото: ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

20 маусымда сағат 20:00 шамасында Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойында теміржол көпірінің маңында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!", – делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.